30-09-19 |
1390 рет қаралған
«Қазір кімнің президент екені маңызды емес».
«Қазір кімнің президент екені маңызды емес»

Саясаттанушы Досым Сәтпаев өзінің фейсбук парақшасында жүйенің өзгермегендігі, сайлау, митингілеп, партиялар туралы заңдардың жаңғырмағандығын айта келіп, қазіргі билік жүйесіне мысал келтіреді. Сарапшының жазбасын қазақ оқырмандары үшін аударып жариялап отырмыз.

«Парламенттің қарауында 42 заң жобасы жатыр.  Осы за4 жобаларының бірде бірі жүйені либерализациялауға арналмаған. Ондай заң жобалары қашан болатыны да белгісіз. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғанын ескерсек, жүйені жаңартуға бастайтын заң жобалары жасала ма, жоқ па айту қиын.    Соның ішінде 1995 жылы қабылданған «бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі » туралы заңды жаңғыру қашан жүзеге дүдәмал. Тап осы 1995 жылы қабылданған заңнан кейін авторитарлық жүйе қалыптаса бастады. Билік өз халқын құрметтеуді қойып, одан қорқып азаматтарға көптеген саяси шектеулер жасады.  Кезекті рет митингіге шыққан азаматтардың ұсталуы жүйеде ештеңе өзгермегенінінің дәлелі.  Айтпақшы, Тоқаевтың жолдауында сайлау, партиялар және митингілер туралы заң жобаларын жоспарға енгізіп жеделдету туралы нақты ешнәрсе айтылмады. Бұл – түсінікті. Қазір кімнің президент екені маңызды емес. Ескі авторитарлық жүйеде ол (президент лауазымын айтып отыр-ред) бөтен біреудің көлігін сенімхатпен жүргізіп жүрген адамды еске салады. Оның үстіне көліктің қожайыны қасына отырып алып, жол-жөнекей біреуді алып кете ме, үйреншікті жолмен кетіп бара ма бәрін бақылап отырады. Жол соңы тұйық болса да бағыт өзгермейді. Біз нағыз биліктің ауысуын көрген жоқпыз. Ол бірінші президент пантеонның қасынан көліктен түсіп қалған кезде басталады. Бірақ сонда да көліктің артқы орындығында көлікті жүргізгісі келетін немесе жүргізушінің қасындағы орынды алатын, қолында ескі GPS  бағыт көрсеткіш бар жолаушыны тастап кетуі мүмкін. Сондықтан нағыз «Тақтар ойыны» әлі алда, – деп жазады Досым Сәтпаев.

Биыл наурыз айында Қазақстанда билік ауысып, елді отыз жылдай басқарған Н.Назарбаев өз еркімен президент қызметінен кетіп, орнына сол кездегі сенат төрағасы Қ.Тоқаевты қалдырғаны мәлім. Көп өтпей кезектен тыс президент сайлауы өтіп, сайлауда Тоқаев жеңіп шықты да президент қызметіне кірісті. Бірақ Н.Назарбаев елбасы, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде елдің ішкі-сыртқы саясатына белсене араласып, билік құрылымдарын қауіпсіздік кеңесі арқылы бақылап келеді. Биліктің ауысуынан кейін қоғамда наразылық күйшейіп, билік қоғам сеніміне кіру үшін ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды. Ол кеңес қазір бірқатар саяси реформалар жөнінде ұсыныс әзірледі. Алайда, кеңес ұсыныстарын билік жүзеге асыра ма, жоқ па белгісіз. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.