05-05-18 |
6250 рет қаралған
Ресурстар әлемі.
Ресурстар әлемі

Астанада өтетін экономикалық форумның негізгі тақырыптарының бірі – ресурстар әлеміне арналмақ. Ғалымдар соңғы бір ғасырда жер шарындағы табиғи ресурстардың көп бөлігін құртып жібердік деп дабыл қақса, өндірістік қалдықтарды қайда жіберерлерін білмей отырған мемлекеттер әлемде жетіп артылады. Аталмыш  тақырып әсіресе қазба байлықтарға бай біздің мемлекетімізге өзекті болып отыр.

Халықтың тіршілік әрекетін ұстап тұруға қажетті табиғи ресурстар жеткіліксіздігі, оларды қалай тиімді пайдалану мен ұдайы жаңартып отыру мәселелері әлемдік қауымдастықты терең ойлануға мәжбүрлеп жатыр.  Жер бетіндегі тұрғындар саны мен орта таптың үлесі 2030 жылға қарай 3 млрд. адамға өсуін ескерсек, сұранысты қанағаттандыру үшін азық-түлік өндірісін  50%-ға өсіруге тура келеді. Ал ол су мен энергоресурстарды қосымша тұтынуды талап етеді. Халықаралық энергетикалық агенттік  2030 жылға қарай энергияны әлемдік тұтыну көлемі 40%-ға өседі деп болжам айтады.  Сондай-ақ, сарапшылар бағамдауы бойынша, сол уақытқа қарай су ресурстарының қоры мен тұтыну арасындағы жаһандық айырмашылық  40%-ға өспек. Дамудың инерциялық сценарийіне сәйкес миллиардқа жуық адам су қатшылығы жағдайында өмір сүретін болады. Сұраныстың өсуі мен тұрақсыз өндірістік құрылым, өзгеріп жатқан климат жағдайында  2010-нан 2030-ға дейінгі жылдар арасында  азық-түлік бағасының екі есе өсуіне себепкер болуы мүмкін. Азық-түлікке деген сұраныстың күрт өсуін қанағаттандыру үшін әлем елдерінің үкіметтері мен жекелеген мүдделілер АӨК-тің өнімділігінің елеулі өсуін камтамасыз етуі тиіс. Оған биотехнологяларды ендіру, оның ішінде гендік инженерияны дамыту есебінен қол жеткізуге болады.

Фермерлердің жұмысты барынша автоматтандыруға мүмкіндік беретін түрлі инновациялық шешімдерді қолдануына негізделген ақылды ауыл шаруашылығы тұжырымдамасы астық өнімділігін арттыру мен шығындарды азайтуға, қаржылық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді. BI Intelligence-нің жаңа зерттеулеріне сәйкес IoT (егіншіліктің дәл технологиясы) ауыл шарушылығын жаңа деңгейге көтеретін  технология болуы мүмкін. Экологиялық егіншілік пен робототехниканы үйлестіру де әбден мүмкін. Өйткені  автономды машиналар жаңа мүмкіндіктер аша алады.

Бүгіннің өзінде тұтыну ресурстары мен қоқыстарды жоюды қамтамасыз ету үшін Жер планетасын 1,6 есе кеңейту керек. Проблеманы шешудің тиімді бір жолы  – қайта өңдеу,  қоқыстарды жаңа заттар мен нысандарға айналдыру үдерісі. Заттарды қайта қолдану қажеттігіне қатысты түсініктің артуына сәйкес қоқыстарды қайта пайталанудың жаңашыл әдістерін ойлап табу қарқын алып,  «жасыл революция» ұғымы пайда болды.

Жердегі тұщы су ресурсы біркелкі орналаспаған. Жер тұрғындарының 85% планетаның құрғақшылығы күшті бөліктерінде тұрады.  БҰҰ мәліметтеріне сенсек бүгінгі таңда су ресурстарына мұқтаждық әлемдегі адамдардың 40%-ын  мазалап отырса,  планетаның 783 млн. тұрғынының таза суға қолы жетпей жатыр.  ХXI ғасыр ортасына қарай су жетіспеушіліктен  қиналатындар саны 4 млрд. адамнан асып кетеді деп болжануда. Бүгінгі таңда 2 млрд. астам адамның үйінде таза су  жоқ, бұл олардың денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. 2050-жылға қарай  әлем халқының саны  2 млрд. адамға өсуі мүмкін. Соның есебінен суға деген ғаламдық сұраныс тағы 30%-ға көтерілуі ғажап емес. Бүгін әлемде судың 70% ауыл шаруашылығына, 20% — өнеркәсіпке, қалған 10% тұрмыстық қажеттікке жұмсалады, тек 1% ғана ауыз су үлесіне тиеді.

Ақпа судың 80% -дан астамы тазартылмаған күйі немесе қайта пайдалану үшін  экожүйеге қайта құйылады. Ақпа суды ресурс ретінде пайдалану мүмкіндігі өте жоғары, себебі қауіпсіз тазартылған ақпа су тұрақты және қолжетімді жаңғыртылар су көзі болып табылады. Ақпа суды тазартуға жұмсалған шығын адамның денсаулығы, экономикалық даму мен  экологиялық орнықтылық ретінде бизнестің жаңа мүмкіндіктері  мен қосымша экологиялық жұмыс орындарының  пайда болуы есебінен еселеп қайтады.

Қазақстан минералдық ресурсының қоры жағынан әлемдік көшбасшылар қатарына кіреді. Еліміздің шикізат базасы әлемде мырыштың, вольфрамның, бариттың зерттелген қоры жағынан – бірінші , уран, күміс, қорғасын мен хромит бойынша – екінші, алтыннан – алтыншы, мұнайдан – он екінші, табиғи газдан он төртінші орында. Қазақстанның өнәркәсіптік өндірісінің шикізаттық құрылымы кешеге дейін ел экономикасының алға басуын қамтамасыз етіп қана қойған жоқ, сонымен бірге жақын болашақта да елдің өсуінің сенімді көзі болып табылады.  Дегенмен, экономикада шикізаттың басымдығы экономикалық дамудың тұрақсыздығына алып келеді.

Осыған байланысты Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2012-жылдың 14желтоқсанындағы  «Қазақстан-2050 стратегиясы» Жолдауында былай делінген: «Біз табиғи байлығымызға деген қарым-қатынасымызды түбірімен қайта қарауымыз керек. Біз оларды сатудан қазынамыздағы кірісті көбейтіп,  дұрыс басқарып үйренуіміз керек, ең бастысы  – елдің табиғи байлығын тұрақты экономикалық дамуға барынша тиімді түрде ауыстырып үйренуіміз керек».

Ұзақ мерзімді  «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес судың үлкен тапшылығы Қазақстан үшін бүгін, XXI ғасырда уақыттың тез өтіп, қоғамдағы  өзгерістердің жылдамдығына байланысты демографиялық дисбаланс пен азық-түлік қауіпсіздігінен кейінгі 4-сынақ» Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін  2011 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы жасалды. Ол кейінірек  Өңірлерді дамытудың 2020 бағдарламасына қосылды.  2020 жылға қарай ауылдық тіректік елдімекендердің жартысынан астамы жерасты таза суымен қамтамасыз етіледі. Бұл қорлар жер бетіндегі су көздерімен бірге басты мақсатқа жетуге – орталықтандырылған сумен жабдықтауды қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Бұл мақсатқа жету жолында – қосымша 1,9 млрд. текше метр суды жинау үшін еліміздің 7 облысында орналасқан  22 жаңа су қоймаларын салу жоспарланған. Бұл – 160-180 мың.га суармалы жерді сумен қамтамасыз ету деген сөз.

Су дағдарысынан шығудың  шешуші факторы трансшекаралық суды орнықты меңгеру болып табылады. Қазақстан қөбінесе осы трансшекаралық суларға тәуелді. Бірақ, қазіргі кезде қапталдас елдердің ол суды өзіне бұрып алуы жиілеп барады. Суды тұтыну мөлшерінің жыл сайын өсе түсуі тұщы сулы көлдер мен өзендердің ластануын және жойылу қаупін туғызып отыр. Транзиттік өзендерді тиімді пайдалану және олардың экологиялық жағдайы тұрақты түрде назарда ұстауды қажет етеді.

Қазақстан мұнай қоры жөнінен әлемде 12-орында (Каспий қайраңының дәл анықталмаған мұнай  мен газ, газ конденсатының қорын ескерсек  — 15-ші орын). Ел үлесіне әлемдегі расталған мұнай қорының  3-4 % тиесілі. Бүгін  республиканың экономикалық өсуінің басты негізі шикізат әлеуетін пайдалану болып отыр. Әлемдік Банктың баяндамасына сәйкес  2017 жылы Қазақстанның ЖІӨ-нің нақты өсуі 2017 жылдың алғашқы 9 айында үдеді және 2016 жылдың осы мерзіміндегі 0,4 пайызбен салыстырғанда 4,3 пайызға жетті. Бұл еліміздің батысындағы мұнай секторының кеңеюімен түсіндіріледі.  Жылдық есептеумен алғанда 2016 жылдың қазанында «Қашаған» кен орнында күтілген көптен өндіріс орындарының іске қосылуына байланысты 2017 жылдың алғашқы 9 айында мұнай өндіру 12,5 пайызға өсті.

Қазіргі уақытта Қазақстанда минералдық шикізаттың 1225 түрі кездесетін  493 кен орыны бар. Еліміз әлемде мырыштың, вольфрамның, бариттың зерттелген қоры жағынан – бірінші , уран, күміс, қорғасын мен хромит бойынша – екінші, мыс пен флюорит бойынша – үшінші, молибденнен – төртінші, алтыннан – алтыншы  орында. Қазақстанның пайдалы қазба байлық қорын геолого-экономикалық бағалау нәтижесі бойынша экономикалық маңыздылығы жағынан ең ауыр салмаққа көмір, мұнай, мыс, темір, қорғасын, мырыш, хромиттер, алтын, марганец ие. Қазақстанда өндірілген қара және түсті металл рудасы экспортқа Жапонияға, Оңтүстік Кореяға, АҚШ-қа, Канадаға, Ресейге, Қытай мен ЕО елдеріне жөнелтіледі.

Уранның зерттелген қоры 1,69 млн тоннаға тең, бұл әлемдік қордың 21%-ы. Уран сатумен елімізде  1997 жылы құрылған «Казатомпром» мемлекеттік компаниясы айналысады.  2010 жылы өндірілген  уран көлемі 17 803 тоннаны құрады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.