Белгілі қоғам белсендісі Жанболат Мамай Қазақстанның демократиялық партиясын құратынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Әріптестерімізбен ойлана келе, осындай партия құруды жөн санап отырмыз. Біздің мақсатымыз – әділет министрлігінде тіркелу емес. Жалпы бір нәрсені түсіну керек деп ойлаймын. Партия деген қағаз емес, әділет министрлігінде тіркеу емес, биліктің берген рұқсаты емес. Партия – адал идеялас азаматтардың, тұлғалардың алдына қойған мақсаттарын саяси тұрғыда жүзеге асыру. Президент, парламент сайлауларында бағдарламасын халыққа таныстырып, елдің қолдауын, даусын жинап билікке келу – кез келген партияның алдына қойған мақсаты – осы» – деді Жанболат Мамай.
Жаңа партия құру туралы баспасөз мәлихатына саясаткер Төлеген Жүкеев және журналист Сергей Дуванов қатысты.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024