18-10-19 |
1460 рет қаралған
11 шекара бекетін Қытай компаниясы жөндейді.
11 шекара бекетін Қытай компаниясы жөндейді

Қытайдые Nuctech Company Limited компаниясы Қазақстанның 11 шекара бекетін модернизациялауға келісімшарт алды. Қытай компаниясы «Алакөл», «Қалжат», «Майқапшағай», «Бахты», «Атамекен», «Капланбек», «Қазығұрт», «Темір баба», «Тәжен», «Жібек Жолы», «Достық» шекара бекеттерін модернизациялап, яғни жаңғыртып техникалық тұрғыдан жетілдіреді. Және жаңа техниканы қолдануды үйретеді.

Сондай-ақ Қытай компаниясы қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің ситуациялық орталығын да техникамен жабдықтап, модернизация жасайды.

Қытайдың Nuctech Company Limited компаниясын 1997 жылы ҚХР дың бұрынғы төрағасы Ху Цзиньтаоның ұлы Ху Хайфен құрған. Компания қауіпсіздік саласын техникалық жабдықтаумен айналысады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.