22-10-19 |
1700 рет қаралған
№184 жарлық туралы әділет министрінің сөзі.
№184 жарлық туралы әділет министрінің сөзі

Әділет министрі Марат Бекетаев қоғамда қызу талқыланып жатқан президенттің №184 жарлығы туралы журналисттерге өз ойын айтқан. Бұл туралы inform.kz хабарлайды.

«Бұл жағдайды күрделендірмес едім. Бұл мәселе бойынша барлық нормалар қауіпсіздік кеңесі туралы заң қабылданған кезде қаралған. Президент қол қойған жарлық барлық процедуларды нақтылайды. Кейбір лауазымды қызметтерге тағайындауды келісуді парламент қабылдап, президент қол қойып қойған.

Министрдің ойынша, бұл қос билік бар дегенді білдірмейді.

«Әрине, білдірмейді. Көптеген елдер саяси қызметке тағайындауда белгілі бір органмен келісу бар. Конститцуциялық монархия бар елдерде ондай келісу формальды түрде жүреді. Ал қауіпсіздік кеңесімен келісу формальды түрде болмайды. Бұйрықта бәрі анық айтылған. Онда шешім қабылданғанға дейін кеңес берілетіні көрсетілген. Сондықтан кеңес кезінде барлық мәселе шешеді. Соңғы сөз – қауіпсіздік кеңесінде. Ол коллегиалды орган. Елбасы төрағалық етеді. Бәрі ашық болады. Бұл президент билігінің әлсірегенін білдірмейді» депті министр.

Президент қол қойған №184 жарлығы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұған дейін жарлыққа қатысты президенттің баспасөз хатшысы түсініктеме берген еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.