Алматы қаласында Алматы Менеджмент Университетінің базасында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған, 80-нен астам адам қатысып жатқан екі күндік оқыту семинарлары өтіп жатыр.
Мақсаты – жастардың бойында антиэкстремистік сананы қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарының радикалды және деструктивті діни ағымдарға қайта оралуына жол бермеу.
Спикерлер ретінде медиатренер, белгілі блогер Яков Федоров, «Бізбен бірге» қоғамдық қоры басқармасының төрағасы Уәлихан Тұрарбекұлы, сондай-ақ Дінтанушылар конгресінің сарапшысы Мейрам Иманбаев сөз сөйледі.
Яков Федоров өткізген «Әлеуметтік желілердің экстремизмге қарсы әрекет ету жұмысындағы әлеуметтік коммуникация мен ақпараттық алмасудың тиімді құралы ретіндегі рөлі» лекциясы аясында әлеуметтік желілердің психологиясы ашылды. Қатысушылар үшін медиатренер қоғамдық пікірді қалыптастыру немесе сананы манипуляциялау құралы ретінде жаңа медианы таныстырды. Сонымен қатар, радикалды көзқарастарға қарсы әрекет ету жөніндегі жұмыс стратегиясы айтылды, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі волонтерлік ұйымдардың жұмысы талқыланды. Дәріс соңында Яков Федоров әлеуметтік желілер арқылы жастармен тікелей диалогты қалай құру керектігін көрсетті.
Волонтерлік қызмет, волонтерлік қозғалысты құру алгоритмдері және ҚР-да волонтерліктің заңнамалық базасының негізгі ұғымдары туралы спикер Уәлихан Тұрарбекұлы «Жастар экстремизмге қарсы» жастар волонтерлік бағдарламасының үлгісін құру» тақырыбы бойынша баяндады.
Семинарға жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары, орта-арнайы оқу орындарының оқушылары, аймақтық жастар және волонтерлік ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ теологтар мен дінтанушылар қатысты.
Жастар ортасы өзінің әлеуметтік сипаттамаларына және қоршаған ортаны қабылдау өткірлігіне байланысты теріс наразылық әлеуетінің жинақталуы мен іске асырылуы тез болатын қоғамның бір бөлігі болып табылатыны жалпыға мәлім. Жастар ортасында жекелеген әлеуметтік, саяси, экономикалық және өзге де факторлардың әсерінен қиратушы әсерге неғұрлым бейім радикалды көзқарастар оңайырақ қалыптасады.
Көбінесе экстремистік жастар топтары бейресми сипатқа ие. Қатты ұрандардың, сыртқы атрибутиканың және тағы басқалардың әсерінен жастарда экстремистік ағымдардың идеялық негізі туралы түсінік жоқ,
Екі күндік оқу семинарларының қисынды жалғасы «QAZAQSTAN WITHOUT EXTREMISM!» республикалық акцияның бастауы болды. Жастар антиэкстремистік қозғалысы көшбасшыларының арасында келесідей номинациялар бойынша байқау жарияланды.: «Әлеуметтік желілердегі үздік пост-жарияланым», «Діни экстремизмге қарсы әрекет бойынша үздік креативті акция», «Еріктілер қозғалысының үздік ұйымдастырушысы».
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024