18-11-24 |
2250 рет қаралған
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды.
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды

Қазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадицияланды. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

Күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ алаяққа тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып, ірі көлеміндегі қаражатты жымқырған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.

Осы жылдың шілде айында ол Санкт-Петербург қаласында ұсталды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.