Logo
Іздеу
Айдарлар

Тоқаев еліміздегі алғашқы суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

/
Тоқаев еліміздегі алғашқы суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Alemcloud орталығына барып, NVIDIA H200 графикалық процессорлары базасында жасақталған еліміздегі алғашқы суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа суперкомпьютер кластері FP8 форматында есептеу әдістемесі бойынша 2 экзафлопсқа дейінгі өнімділікті қамтамасыз ете алады. Есептеу қуаты жағынан Орталық Азия өңіріндегі ең үздігі саналады.

Суперкомпьютердің есептеу қуатын нейрожелі шешімдерін әзірлеумен айналысатын стартаптар, университеттер мен ғылыми орталықтар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар пайдалана алады.
 

Серіктес жаңалықтары