Сергей Лавров АҚШ санкциялары доллардың сенімді төлем құралы ретіндегі беделін түсірді деген мәлімдемесі жалған болып шықты.
БРИКС саммитінде (Рио-де-Жанейро) Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров былай деді:
«Ғаламдық құрылымдардың іріп-шіруі біржақты заңсыз санкциялар мен долларды ''жаза құралы'' ретінде қолдану салдарынан тереңдей түсті. Бұрын сенімді төлем құралы болған америкалық валютаға деген сенім бұзылды».
Алайда бұл мәлімдеме шындыққа жанаспайды. SWIFT деректеріне сүйенсек, соңғы 10 жылда халықаралық төлемдердегі доллардың үлесі 2015 жылғы мамырдағы 44,96%-дан 2025 жылғы мамырда 48,46%-ға дейін артқан. Ең жоғары көрсеткіш — 51,7% (тамыз 2019 ж.), ең төменгісі — 37,64% (қазан 2020 ж.). 2022 жылдан бері Ресейге қарсы салынған санкциялардың бұл көрсеткішке нақты әсері байқалмайды.
Иә, ХВҚ (МВФ) мәліметі бойынша, доллардың әлемдік валюталық резервтердегі үлесі XXI ғасырда біртіндеп азайып келеді — бұрын 70%-дан жоғары болса, 2024 жылдың соңында 58% болған. Бірақ бұл жерде де санкциялардың әсері анық байқалмайды. Керісінше, Ресейге қарсы алғашқы санкциялар салынған 2014–2015 жылдары доллар үлесі сәл өскен. Сондықтан Лавровтың сөзі деректермен дәлелденбеді және манипуляцияға жатады.