13-11-19 |
1020 рет қаралған
Үкімет Назарбаевтың атына берілетін зымыран кешеніне миллиондаған доллар бөлмек.
Үкімет Назарбаевтың атына берілетін зымыран кешеніне миллиондаған доллар бөлмек

Премьер-министр Асқар Мәмин «Бәйтерек» зымыран кешенін дамытуға бюджеттен шамамен 330 миллион доллар бөлінетінін айтты. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтары жазады.

Қыркүйек айында Ресейдің ақпарат құралдары кешен атауын Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгерту бастамасы туралы жазған.

«Биыл сәуір айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Байқоңыр ғарыш айлағындағы ауқымды жоба – «Бәйтерек» экологиялық қауіпсіз ғарыш зымыран кешенін дамытуды тапсырды» деді Асқар Мәмин. Премьердің Нұр-Сұлтанда «Байқоңыр – әлемнің ғарышкерлік бесігі» форумында айтқан бұл мәлімдемесін «Интерфакс» агенттігі таратты.

«Интерфакс» жобаны «Назарбаев старты» деп атау жөнінде Ресей бастама көтергенін атап өткен.

Қыркүйек айында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путиннің «Бәйтерек» зымыран кешенінің атауын «Назарбаевқа» өзгерту ұсынысын қабылдаған.

Биыл наурыз айында президенттіктен кетсе де, ықпалды билігін сақтап қалған Назарбаевтың құрметіне Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.