15-11-19 |
1060 рет қаралған
Назарбаевтың сөзіне Путин мен Зеленский құлақ аспады.
Назарбаевтың сөзіне Путин мен Зеленский құлақ аспады

Нұр-Сұлтан қаласында өткен Astana club отырысында экс-перзидент, елбасы, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаев Украина президенті В.Зеленский мен Ресей президенті В.Путинді Донбастағы қақтығысты тоқтату үшін Астанада кездесуге шақырған еді. Алайда екі ел басшылары Н.Назарбаевтың ұсынысынан сыпайы ғана бас тартты. Мәселен, Украина сыртқы істер министрі В.Пристайко Зеленскийдің Путинмен кездесу жоспары жоқтығын Путинмен кездесу «Нормад форматы» аясында ғана өтетін айтқан. Ал Путиннің баспасөз хатшысы Д.Песков «Ресей президенті ешқашан кездесуден қашқан емес, бірақ қазір біз «Нормад форматына» дайындалып жатырмыз» деп қысқа қайырған. Осылайша, Н.Назарбаевтың Ресей мен Украинаны татуластыруға талпынысы сәтсіз аяқталды.

“Нормад форматы” Украина шығысындағы қақтығыстарды тоқтату жөніндегі келіссөз алаңы. Бұл форматқа Ресей, Украина, Германия, Франция елдері кіреді. “Нормад форматының” бірінші кездесуі 2016 жылы өткен еді.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.