18 қарашада Қытай үкіметінің еуразия ісі бойынша арнайы өкілі Ли Хуэйдің Қазақстанға үш күнге созылатын сапары басталды. Бұл туралы Қазақстандағы Қытай елшілігі хабарлады.
Ли Хуэй Қазақстанда сарапшылар, кәсіпкерлер және сыртқы істер өкілдерімен кездеспекші екен. Қытай елшілігі 18 қараша өткен кездесудегі Ли Хуэйдің сөздерін жариялады. Қытай үкіметінің еуразия бойынша арнайы өкілі Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдары елші болып тұрған. Оның дерегінше, Н.Назарбаев ҚХР 27 рет сапарлап барған екен. Сондай-ақ ол қоғамдағы «Қытай жерді басып алады», «ескі зауыттарын Қазақстанға көшіреді» дейтін алаң көңіл әңгімелерге де пікірін айтып бүй депті: Өзің тілемейтін нәрсені өзгеге таңба. Конфуций бізді осыдан 2,5 мың жыл бұрын осылай үйретті. Сондықтан жерді басып алады, ескі өндірісті әкеледі дейтін өсектен қауіптенудің керегі жоқ» депті. Арнайы өкілдің ойынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастарды көре алмай, қызғанып артық әрі негізсіз әңгіме таратады екен. Ли Хуэй ондайлардың жолы болмайды депті.
Не навязывай другим то, чего сам не желаешь. Так нас учил Конфуций еще 2,5 тыс. лет назад. Поэтому нет абсолютно никакого обоснования опасаться таких слухов, как захват территорий, переброска устаревшего производства. pic.twitter.com/fqbmASLHxY
— Посольство КНР в Казахстане (@ChinaEmbKazakh) November 18, 2019
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024