20-11-19 |
1820 рет қаралған
Шымкент ауруханасының бас дәрігері адам ағзасын саудалау ісіне қатысты қамауға алынды.
Шымкент ауруханасының бас дәрігері адам ағзасын саудалау ісіне қатысты қамауға алынды

Шымкентте №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Донбай Абылай қамауға алынды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Дәрігердің үстінен «трансұлттық қылмыстық топқа қатысқаны үшін» және «адам ағзасын заңсыз алу» айыптары бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.

Тергеу деректері бойынша, 2017-2018 жылдары Қазақстан аумағында адам ағзасын трансплантациялаусмен айналысатын қылмыстық топ жұмыс істеген. Донор ретінде материалдық жағдайларына байланысты бүйректерін сатуларына тура келген Өзбекстан, Қырғызстан, Украина азаматтары тартылған. Олар ұйымдасқан қылмыстық топ арқылы  алыс шетелдің, көбінесе Израилдің азаматарына жеткізілген.

Тергеу кезінде анықталғандай Шымкент ауруханасының бас дәрігері бүйректі алып-салу операцияларын қомақты қаржыға заңсыз жасаған. Қазіргі уақыта қылмыстық істі тергеу амалдары соңына таяп, сотқа жолданбақ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.