ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Түркістанда мектеп мұғалімі әжетхана күзетпегені үшін тәртіп сақшылары айыппұл салғанына қатысты пікір білдірді.
Министр балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ыңғайлы және қауіпсіз жағдай жасау арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін айтты.
«Түркістан қаласындағы №15 мектептің мұғаліміне қатысты орын алған оқиғаға ұқсас жағдайларға мүлдем жол берілмеуі тиіс.
Білім және ғылым министрлігі тарапынан бұл мұғалімді қорғау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ, аталған оқиғаға қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тартуды талап ететін боламыз. Оның ішінде, мектеп әкімшілігі мен білім бөліміне де қатысты.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ыңғайлы және қауіпсіз жағдай жасау арқылы жүзеге асырылуы тиіс деп санаймын. Егер осындай фактілер қайталанатын болса, қатаң шаралар қолданылатын болады.
Орын алған жағдайдың себептерін жан-жақты түсіну үшін мұғаліммен телефон арқылы сөйлестім. Жағдай менің жеке бақылауымда», -дейді министр Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салсақ Түркістан қаласындағы №15 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімін полиция жұмыс орнынан күштеп алып кетіп, мектеп әжетханасын күзету кезекшілігінде орнында болмағаны үшін 12 мың теңге айыппұл салған.
Мектеп әжетханасын күзетпегені үшін мұғалімді полиция ұстады (видео)
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024