16-05-18 |
3170 рет қаралған
Дәурен Абаев: Ашық үкімет жобасы – ақпаратқа қолжетімділік.
Дәурен Абаев: Ашық үкімет жобасы – ақпаратқа қолжетімділік

16-мамырда ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев кезекті рет есеп беру жиналысын өткізді. Министр ең әуелі қолға алынып, атқарылып жатқан жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды. Дәурен Әскербекұлы ә дегенде мемлекеттік сектордың ақпараттық қызметіне тоқталды.

– Мемлекеттік сектордың ақпараттық жұмыс сапасы артты. Яғни ондаған тараулардың орнына Біріңғай республикалық Медиа жоспар қабылданды. Осылайша атқарылып жатқан мемлекеттік реформалар туралы халыққа тиімді ақпарат таратуға жол ашылды.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың сапасын арттыру үшін бірнеше нормативтік бастамалар қабылданды.

Мәселен, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс заң бойынша мемлекеттік сатып алудан алынып тасталды. Алайда арнайы қағида қабылданды. Осылайша Бұқаралық Ақпарат Құралдарын іріктеу процесін қоғамдық ұйымдардың ашық бақылауына мүмкіндік пайда болды. Ал мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа жоғары талаптарға сай Бұқаралық Ақпарат Құралдарының өкілдері ғана қатыса алады, – деген министр БАҚ-тың бәсеке мәселесіне де тоқталып өтті.

– Бұл бағыт бойынша да мақсатты жұмыстар атқарылды.  Біз тек қана отандық көркем және деректі фильмдер көрсететін «Ел арна» киноканалын аштық. 2017 жылы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 40 телесериал түсірілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есеге артық. Көрермен назарын өзіне аударған кейбір телехикаяларымызды өз елдерінде көрсету құқығын Қырғызстан, Ресей мен Қытай және тағы басқа елдер сатып алды. Барлық қазақстандық телеарналарды онлайн-режимде көруге мүмкіндік беретін «GalamTV» жобасы жаңартылды,- деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, 2020 жылдың соңына дейін облыстар цифрлық хабар таратуға толықтай көшеді. Мысалы, биыл жылдың аяғына дейін Маңғыстау, Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстары толық цифрлық телерадиохабар таратуға көшеді екен. Бұл тарапта  «Отау ТВ» отандық спутниктік операторын дамыту да жоспарланған. Айталық, алдағы уақытта «Отау+» ақылы пакетін іске қосылып, оған түрлі жанрдағы шетелдік 14 телеарна қосылады. «Отау+» айлық бағасы 500 теңге болады.

Дәурен Әскербекұлы журналисттерді ынталандыру жолында ұйымдастырылып келе жатқан түрлі байқауларды да сөз етіп «Биыл маусым айында яғни Бұқаралық Ақпарат Құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Үркер» премиясы салтанатты түрде табысталады. Бұл баспасөз, радио мен интернет журналистері арасындағы  байқау» болатыны айтты.

Сондай-ақ, министр «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған шаруаларды да атап өтті.

– «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында біздің Министрлік «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын жүзеге асыруда. Ашық дауыс беру нәтежиесінде  өз еңбектерімен үлкен әрі әлеуметтік маңызды табысқа жеткен еліміздің жаңа есімдері белгілі болды. 100 жаңа есімнің қоғамға пайдалы жобалары мемлекеттің қолдауына ие болатынын атап өткім келеді, – деді Дәурен Абаев.

 Есеп беру жиынында БАҚ саласында қабылданған заң және оған ерекшеліктері де айтылды. Мысалы, «Ақпаратқа қолжетімділік» заңының аясында жүзеге асып жатқан «Ашық Үкімет» жобасы министрліктің жіті назарында екен. Ал «Ашық деректер» порталы арқылы ел азаматтары екі мың сегіз жүзге жуық дерекке қол жеткізуге мүмкіндік алған. Және де әрбір азамат мемлекеттік органдардың бірінші жетекшілерінің блог-платформалары арқылы өзін толғандырған сұрақтарға жауап ала алады. Сондай-ақ, «Ашық диалог» порталы арқылы интернет-конференцияларға да қатысуға мүмкіндігі бар.

Министр БАҚ саласының жұмысын реттейтін жаңа қабылданған заңның кейбір ерекшеліктеріне жеке тоқталып, түсіндірді.

– Мәселен, зорлық көрген немесе басқа да құқық бұзушылықтардан зардап шеккен балаларды қорғау мақсатында олардың бет-жүзін және балаға қатысты  ақпараттарды жариялауға тиым салынды. Көпшілік шоғырланған жерлерде мемлекеттік органдар мен ұйымдар тек қана отандық телеарналарды көрсету қажеттілігі туралы міндеттеме белгіленді, – деді министр.

Сонымен қатар мемлекеттік органдардың БАҚ пен жұмысын үйлестіруге де қатысты жаңа заңда  «белгілі бір төтенше жағдайда өкілетті орган 3 сағаттың ішінде сол жағдай туралы жан-жақты ақпарат беретін хабарламаны жариялауы тиіс» екендігі жазылғанын баса айтты.

Сондай-ақ, заңда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын сәтті жүзеге асыруға негізделген кешенді нормалар, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді сараптайтын және құратын, жобалау процестерін жетілдіретін бағыттарда қамтылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.