09-06-18 |
8730 рет қаралған
Мұнайды заңсыз тасымалдап келгендердің ісі сотқа түсті.
Мұнайды заңсыз тасымалдап келгендердің ісі сотқа түсті

Күдіктілер ауыр және аса ауыр қылмыс санаттары бойынша айтыпталып отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

7 маусым күні қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотқа 5 күдіктіге қатысты қылмыстық іс түсті. Олар — Кужагалиев А.У., Кушкинбаев А.Т., Утениязов Э.А., Раев С.Б. және Белоруссия азаматтығы бар Кунцевич С.Г.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, күдіктілердің іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 197 (мұнайды заңсыз сақтау мен тасымалдау) және 264 (трансұлттық қылмыстық топты жасақтау мен басқару) баптарымен сараланған.

Бұдан басқа, олар жалған құжат әзірлеу, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, ұрлық жасау баптарымен айтыпталып жатыр.

Дереккөз: Aktobenews.kz.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.