06-01-20 |
1830 рет қаралған
Атаулы әлеуметтік көмек: 7 балаға 70 мың теңге беріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек: 7 балаға 70 мың теңге беріледі

Қазақстанның барлық өңірлерінде жаңа форматтағы АӘК (атаулы әлеумттік көмек) алуға өтініштерді қабылдау басталды.  Мемлекеттік жәрдемақыны 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе күндізгі оқу бөлімінде 23 жасқа дейінгі студенттері бар көп балалы отбасыларға, олардың табысына қарамастан төлеу жоспарланып отыр. Орташа алғанда жәрдемақының мөлшері әр балаға 10-11 мың теңгені құрайды деп хабарланған Алматы қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз мәлімдемесінде.

Хабарланғандай бұл 2018 жылдан бастап тоқтатылған осыған ұқсас жәрдемақыдан 4-7 есеге дейін көп. 

Мысалы, 7 баладан тұратын отбасыға 73 375 теңге, 4 балалыға – 42500 теңге және т.б. мөлшерінде АӘК төленетін болады. Жәрдемақы мөлшері кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы табыс арасындағы айырма ретінде айқындалады.

«АӘК – тің жаңа тәсілдеріне сәйкес, көп балалы отбасылар оларға кепілді жәрдемақы беріле отырып, жеке санатқа шығарылды», – деп түсіндірді Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы Диляра Иманқұлова.

Деректер бойынша, елде 1,3 млн астам бала АӘК алушылар болып табылады, олардың 62%-ы 4 және одан да көп балалары бар отбасыларда тұрады.

 

Н.Назарбаев: Көп балалы отбасыларындағы әр балаға 21 мың теңгеден жәрдемақы берілсін

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.