Заңгер, қоғам белсендісі, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек «Парламент тарасын!» деп фейсбук парақшасына жазба жариялады. Оның ойынша, парламент дұрыс жұмыс істемей отырған көрінеді.
«Ұйықтап отырған парламент тараңдар, әйтпесе біз митингке шығамыз! Халыққа ұнамайтын заңдар қабылданып кетеді, себебі парламентте Косарев сияқты зейнеткерлер ұйықтап отыр. Халық осы уақытқа дейін шыдап келді. Енді бас көтеретін уақыт келді. Отыз жыл ішінде ұйықтап, ауылды, бүкіл бір мемлекетті қиратып біттіңдер! Жетер енді халық құр уәдеден шаршады!
Осылар ұйықтап отырғанда, адамның дене мүшесі рұқсатсыз донорлыққа кетейін деп жатыр. Білім, денсаулық, идеология, ұлттық құндылық, ішкі өнім бәрі құрдымға кетті.
Халықтың сөзін сөйлейтін депуттар мықты болса, үкіметте отырған министрлер бұлай тайраңдамас еді. Депутаты ұйықтап отырған елдің, үкіметі жемқор келеді.
Мынау «партия құрамыз » деп ұрандап жүрген жастар Bella Orynbetova, Жанболат Мамай бірінші ұйықтап отырған парламетті таратайық!
Халық болып талап етейік! Митингіге шығайық! Ұйықтап отырған Парламент тарасын!» деп жазады А.Орынбек.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024