03-02-20 |
1060 рет қаралған
Торт кесем деп кеудесіне пышақ сұғып алған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды.
Торт кесем деп кеудесіне пышақ сұғып алған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін, 3 ақпанда Қарағанды облысының бұрынғы әкімі орынбасары Алмас Айдаров ҚР президентінің жарлығымен Сыртқы Істер министрі орынбасары болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды» деп хабарлайды Ақорда сайты.

Бұған дейін, былтыр Бұқаралық Ақпарат Құралдарында Алмас Айдаров жарақат алып, ауруханаға түскені туралы мәлімет тараған. Караван медиа порталының 27 мамырдағы BNews.kz сілтеме жасап таратқан ақпаратында, Айдаров торт кесіп жатқанда жарақат алғандығын жазған.

– 26.05.2019 г. в 05:30 часов в Центральный ОП г. Караганды со скорой помощи поступило сообщение о ножевом ранении. Было установлено, что по своей неосторожности Айдаров Алмас Айдарович (заместитель акима области), 25.10.1983 г.р., порезался по неосторожности (не проникающее ранение в область груди слева), претензий ни к кому не имеет, писать заявление категорически отказывается. По пояснению Айдарова А.А., он резал торт, нож соскользнул, и он порезался. Данный факт зарегистрирован в КУИ ЦОП г. Караганды, – деп жазылған.

Ал шенеуніктің өзі фейсбук парақшасына уайымдайтын себеп жоқ, жай ғана тұрмыстық жарақат алғанын жазған.

«Достар, денсаулығыма байланысты тараған ақпаратқа қатысты көп қоңыраулар келіп жатыр. Алаңдаушылықтарыңызға рахмет!
Менде бәрі дұрыс – қарапайым тұрмыстық жарақат. Кешкісін абайсызда жарақат алдым, түнде қан кете бастады, содан таңды күтпей жедел жәрдем шақыруға тура келді. Барлығыңызға денсаулық тілеймін», -деп жазыпты ол.

Алмас Айдаров 1983 жылы 25 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

2004 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Ақтау халықаралық теңіз саудасы порты» мекемесінде ішкі аудит бойынша маман болып бастаған.

2017 жылдың 28 шілдесінен бастап Қарағынды облысы әкімінің өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, индустриаландыру мен инвестиция жөнінде орынбасары болып қызмет атқарды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.