20-02-20 |
1290 рет қаралған
Шымкентте солдат қару алып, әскери бөлімшеден қашып кеткен.
Шымкентте солдат қару алып, әскери бөлімшеден қашып кеткен

Шымкент қаласына жақын маңдағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінде келісімшарт бойынша әскери қызметші, кіші сержант А.Балғынбай қару алып, қашып кеткен. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.

«Дәл сол уақытта қаруды сақтау бөлмесінде атыс қаруының белгілі бір санының жетіспеушілігі анықталды» делінген министрлітің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Әскери қызметшінің әскери бөлімнен қару ұрлап, қашып кеткені туралы әлеуметті желіде хабарлар тараған еді. Қазір қашқан солдатты ұстау үшін жедел іздестіру шарасы жүріп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.