28-02-20 |
3090 рет қаралған
Сауд Арабиясы коронавирусқа байланысты Қазақстанға электронды туристік виза беруді уақытша тоқтатты.
Сауд Арабиясы коронавирусқа байланысты Қазақстанға электронды туристік виза беруді уақытша тоқтатты

Сауд Арабиясының Туризм министрлігі коронавирус инфекциясының көптеген жағдайлары тіркелген елдерге электронды туристік визалар беруді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды SPA.

«Коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында Қытай, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Италия және Қазақстан азаматтарына электронды туристік визалар беру тоқтатылды. Бұл елдердің азаматтары Сауд әуежайларына келген кезде де туристік виза ала алмайды», – делінген хабарламада.

Осыған дейін виза алған адамдар да елге кіре алмайды. Жергілікті биліктің айтуынша, бұл уақытша қабылданған шаралар.

Ақпаратты тексеру үшін Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшілігіне хабарластық. Алайда елшілік неге Қазақстанның коронавирусты жұқтыру оқиғалары тіркелген елдердің қатарында тұрғанын түсіндіре алмады.

Кеше ғана Сауд Арабиясы коронавирустың таралуына байланысты ұмра қажылығына келетіндердің елге кіруіне уақытша тыйым салған еді.

Дереккөз:holanews.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.