Францияның мәдениет министрі Франк Риестерден жаңадан шыққан COVID-19 коронавирусы табылды деп хабарлайды осы елдің Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран.
46 жастағы Риестерде аталған аурудың белгілері біліне бастағанда медициналық талдама жасатқан. Талдама нәтижесі министрдің бойынан коронавирусты анықтаған. Дәрігерлер науқастың жағдайы қалыпты деп отыр.
Құзырлы орындар қазір онымен соңғы уақытта байланыста болған адамдарды анықтап жатыр. Денсаулық сақтау министрінің сөзінше соңғы екі апта билік өкілдері үкімет отырысында қол алысып амандаспаған. Алайда Франк Риестер өткен аптада Ұлтық ассамблеяда жұмыс істеген. Ол жердегі бірнеше депутаттан COVID-19 табылған екен.
Еске салайық, 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында коронавирустың жаңа түрі анықталып, оған COVID-19 деген атау берілген. Вирус әлем бойынша мыңдаған адамның өмірін жалмап, бірқатар ел карантинге жабылды.
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024