11-03-20 |
1240 рет қаралған
Лондонда Нұрәли Әлиев тұратын зәулім үйге қатысты сот процессі басталды.
Лондонда Нұрәли Әлиев тұратын зәулім үйге қатысты сот процессі басталды

Лондон жоғарғы сотында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені — Нұрәли Әлиев пен оның әйелі Аида жалға алған элиталы зәулім үйге қатысты сот процессі басталды, деп хабарлайды BBC.

Кинотеатр мен жер асты бассейні бар үйдің қайдан шыққаны белгісіз болғандықтан оған ордер қойылып (Unexplained Wealth Order, UWO), заң бойынша сот үй иесінің активтерін тоқтатып, мүлікті қандай қаражатқа сатып алынғаны туралы ақпарат талап етуге құқылы екен.

Фото:ВВС

Егер Британ тергеушілері (мұндай тергеу қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық агенттіктің қарамағында болса -ред.) айтылған түсініктемемен келіспесе, соттан бұғатталған активтерді тәркілеуді сұрай алады.

ВВС-дің жазуынша, ол Лондонда өткен жылдың мамыр айынан бастап UWO нысаны болып табылатын жалпы құны 80 млн фунт стерлингтің ($104 млн)  үш нысанның бірі. Барлық үш нысан туралы ақпарат жалпыға қол жетімді құжаттардан табылды. Олар 2014 жылдан бері Кюрасао-да тіркелген Maverick (Maverick Private Foundation) және Ангильде тіркелген Alderton Investments Ltd жеке қорларына тиесілі.

Фото:ВВС

Нұрәли Әлиев Сенат төрайымы Дариға Назарбаева мен оның қайтыс болған күйеуі Рахат Әлиевтің ұлы. LinkedIn әлеуметтік желісіндегі өз профилінде ол өзін «Қазақстанның кәсіпкері және инвесторы» ретінде сипаттайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.