18-03-20 |
1670 рет қаралған
Тоқаев Мирзиёевпен коронавирустың таралуын талқылады.
Тоқаев Мирзиёевпен коронавирустың таралуын талқылады

Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері басшылары коронавирус пандемиясының таралу жағдайын талқылап, осы індетке қарсы күреске байланысты қабылданған шаралар туралы ақпарат алмасты деп хабарлады «Ақорда» сайты.

Шавкат Мирзиёев қазақстандық әріптесінің дер кезінде қабылдаған шұғыл шешімдері мен нәтижелі іс-қимылдарын қолдайтынын айтты.

Президенттер жоғары деңгейде ықпалдастық орнату және екі ел Үкіметтерінің жұмыстарын үйлестіру жайын да келісті. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін бірлескен жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы туралы ортақ пікір айтылды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандар саны Қазақстанда – 35 адам, Өзбекстанда – 13  адамға жетті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.