7 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап карантин режимі енгізіледі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімдігі хабарлайды.
Карантин режиміне байланысты:
– Автокөлік құралдарының және азаматтардың қала аумағына кіруіне және шығуына тыйым салынады
– Қоғамдық көлік сағат 7-00-ден 20-00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
– Адамдардың және жеке көліктің Тараз қаласының аумағында еркін жүріп-тұруына тыйым салынады
– Отбасы мүшелерін қоспағанда, адамдардың 3 адамнан артық топтасуына, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектердің еріп жүруінсіз жүріп-тұруына тыйым салынады.
– Жеке тұлғалардың жүріп-тұруы, оның ішінде көлік құралдарын басқаруды жеке қорғану құралдарын пайдалану кезінде ғана жүзеге асыруға міндетті.
– Сауда-ойын-сауық орталықтарының, базарлардың, барлық азық-түлік емес тауарлар сауда нысандарының, автосалондардың, автоқосалқы бөлшектер сату салондарының, гүл павильондарының қызметі тоқтатылады.
– Банк бөлімшелері және ломбардтар, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері, қонақ үйлер, сондай-ақ дөңгелек монтаждауға арналған жеке тұрған бокстарды (екіден көп емес) қоспағанда, барлық қызмет көрсетулер тоқтатылады.
– Мейрамханаларға, дәмханаларға, барларға, асханаларға және басқа да қоғамдық тамақтану нысандарына «тұтынушыларға жеткізіп беру» режимі бойынша сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
– Меншік түріне қарамастан, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен білім беру, дайындық және дамыту орталықтарының қызметі тоқтатылады.
– Халықтың жаппай жиналатын орындарына, оның ішінде саябақтарға, скверлерге, жағалауларға, алаңдарға, балалардың ойын алаңдарына және қала тұрғындарының өзге де демалыс орындарына баруына тыйым салынады.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024