12-07-22 |
740 рет қаралған
Тараздағы цехта тексеріс басталды.
Тараздағы цехта тексеріс басталды

Тараздағы күкірт қышқылы цехында болған авариялық жағдай байланысты экология министрлігі тексеріс бастады.

11 шілдеде Тараздағы » Казфосфат» ЖШС-не тиесілы цехта болған жарылыстан кейін аумақта жоспардан тыс тексеріс басталды. 

«Болған апат туралы жедел ақпарат алған Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшылығы мен зертханалық талдау бөлімінің басшысы Тараз қаласының прокуратурасымен бірлесіп, сағат 21.20-да Сүлейманов көшесіндегі зауыттың санитарлық-қорғау аймағын өлшеді. Нәтижесінде фторлы сутегінің едәуір артқаны анықталды. Аммиак, күкіртсутек және көміртегі оксиді бойынша асып кету анықталған жоқ. Сондай-ақ сағат 22.05-те Шайқорық кентінің маңындағы зауыттың СҚА-да ұқсас ластаушы заттарға өлшеу жүргізілді, ластаушы заттардың артуы анықталған жоқ», – деп жазды кәсіпорыннан.

«Қазгидромет» РМК Жамбыл филиалының мәліметінше, қалада ауаның ластануы қалқыма бөлшектер бойынша 1 ШЖК аспайтын деңгейде байқалады. Зертханалық құралдармен қайта жарақтанып, Polar газ анализаторын алған департамент қызметкерлері, соңынан прокуратура мамандары күкірт қышқылы цехының ластаушы заттар шығарындыларының көзінде өлшеулер жүргізу үшін, Кәсіпкерлік кодексінің негізінде «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар ЖШС-на жоспардан тыс тексеруге барды.

Өлшеу кезінде цех жұмысын тоқтатып үрлеу бойынша жұмыстар жүргізілді, алайда мұнда да ластаушы заттардың асып кетуі анықталған жоқ.

«Қазіргі таңда, департамент пен «Қазгидромет» мамандары бірлесіп атмосфералық ауаның жай-күйімен сапасына мониторинг жүргізуде. Осы оқиғаға байланысты облыс әкімінің тапсырмасы бойынша экология департаментінің өкілдері құрамына кіретін жұмыс тобы құрылғанын қосымша хабарлаймыз», – делінген ведомство хабарламасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.