07-04-20 |
1780 рет қаралған
Қытайдан Қазақстанға 13 дәрігер және көмек келеді.
Қытайдан Қазақстанға 13 дәрігер және көмек келеді

Қытай Қазақстанға COVID-19 күресу үшін қазақстандық дәрігерлерді қолдауға медицина қызметкерлерін жіберіп жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұл бастаманы Қазақстан тарапы осы жылдың 24 наурызында Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Төрағасы Си Цзиньпинмен COVID-19 жаңа коронавирус инфекциясына қарсы күресте ҚХР-ның Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуі туралы телефон арқылы сөйлесу барысында қол жеткізілген уағдаластықты жүзеге асыру мақсатында ұсынды.

Қытай тарапынан 13 эксперт келуі күтілуде. Оларға арнайы борт жасақталып 9 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласына келіп қонады.

Делегациямен бірге ҚХР-дан гуманитарлық көмектің екінші бөлігінің келуі күтілуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.