15-11-24 |
3350 рет қаралған
Қызылорда облысында қаржы пирамидасын құрған тұлға 5 жылға сотталды.
Қызылорда облысында қаржы пирамидасын құрған тұлға 5 жылға сотталды

 
Қызылорда азаматша Шагирова кооперативтік филиал ашу арқылы интернет желісінде ешқандай пайызсыз үй және автокөлік алуды жарнамалап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, салымшыларды өзіне ақшалай салым жасауға шақырған.
 
Оның қылмыстық әрекетінің салдарынан Қызылорда қаласының 11 тұрғынына 15 млн. теңге көлемінде мүліктік зиян келсе, 3 жәбірленуші 2 автокөлігінен және 1 азамат жер телімінен айырылған.
 
Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен азаматша Шагирова Қазақстан Республикасы ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
 
Өз кезегінде, қастандық ойлаушылардың тұзағына түсіп қалмау үшін қаржылық пирамиданың басты белгілерін білген дұрыс.
 
Аса жоғары пайыз, күн сайынғы кіріс және әр ертіп келген адам үшін бонус ұсынса, сеніп қалмаңыз, бұл нағыз қаржылық пирамиданың белгісі.
 
Бүгінгі таңда қаржылық пирамида құрушылар танымал блогерлер мен жұлдыздарға жарнама жасатып, өз қылмыстық әрекеттерін тоқтатпауда.
 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.