Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв орыстілді азаматтарды мемлекеттік тілді үйренуге көбірек көңіл бөлуге шақырды. Ол қазақ тілін білу — жеке даму жолын ашып, қоғамдағы бірлікті нығайтатынын атап өтті, деп жазды Ulysmedia.kz.
— Қазақстандағы орыстар қазақ тілін белсенді үйренуі керек — оның маңызын түсініп, сол тілде сөйлеп, ұрпақты мемлекеттік тіл арқылы тәрбиелеуі қажет. Біздің славяндар ешқашан алауыз болмауы тиіс, біз әрдайым бір отбасы болдық, — деді ол.
Пономарёв қазіргі халықаралық жағдай мен сыртқы күштердің ел ішіндегі үдерістерге ықпал ету әрекеттеріне алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, мұндай кезеңде ішкі тұтастықты сақтау, қоғамды ірітетін арандатушылыққа ермеу аса маңызды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін қазақ тілі тек күнделікті емес, сонымен қатар беделді — ғылымның, бизнестің және цифрлық ортаның тіліне айналуы қажет екенін айтқан болатын. Сонымен қатар, тілді жеткілікті білмеу салдарынан ешкім өзін шеттетілген сезінбеуі тиіс екенін де ерекше атап өтті.
Депутаттың пікірінше, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту — бұл тек саяси емес, стратегиялық міндет. Тілді түрлі салаларда белсенді пайдалану ұлттық бірегейлікті күшейтіп, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.