20-04-20 |
1990 рет қаралған
Марғұлан Сейсембай: Үйімді 30-40 адам торуылдап жүр.
Марғұлан Сейсембай: Үйімді 30-40 адам торуылдап жүр

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай үйін 30-40 адам торуылдап жүргенін жәнен «Алель Агро» компаниясы басшысын тұтқындалғанын, тінту жүргізілгенін енді өзіне де тықыр таянып қалғандай болып отырғанын жазды.

«Достар, маған да тықыр таянған секілді. Соңғы бірер күнде Алель Агро қызметкерлерінің мазасын қашырды. Кеше түнде Алель Агро басшылығын тұтқындады. Күні банктен құжаттар алып, үйлерге тінту жүргізді. Осы жағдайға байланысты мен ешқандай қылмыс жасамағанымды айтқым келеді. Ешбір бизнесті басқарған жоқпын және ештеңеге қол қойған жоқпын. Қазір олар Алель Агро субсидия алуда алаяқтық жасап, қаржы жымқырды деп қылмыстық іс қозғады. Алель Агро инвестициялық субсидия алған емес. Ал менің субсидия алу, бөлуге мүлдем қатысым жоқ. Сондықтан бұл таза саяси іс. Мені я жауып тастамақшы я аузыма қақпай қоймақшы.

P.S. Үйімнің маңында 30-40 адам торуылдап жүр. Шамасы комитетчиктер», – деп жазды М.Сейсембай телеграм каналында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.