фото: polisia.kz
Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылында болған жол-көлік оқиғасында жарақат алған аға лейтенант Еркебұлан Сейдазым Алматы қаласындағы №7 аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Алдын ала болжамдардың біріне қарағанда, жүргізушісі мас болған BMW маркалы автокөлік жолға қойылған бетонға соғылғанда бетон сынықтары блок бекеттен өтетін көліктерді тексеріп тұрған Еркебұлан Сейдазым басына тиіп, жарақаттаған.
25 мамыр күні таңертең BMW маркалы автокөлікті мас күйінде жүргізген адам Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылында блок бекеттегі бетонға соғылып, содан соң полиция машинасымен соқтығысқан. Полиция көлігінде отырған екі полицей қаза тапты. Олар: полиция сержанты Дастан Әбдіканов және полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев.
Қызмет бабында жүріп қаза тапқан полицейлердің отбасына ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев көңіл айтып, отбасыларына көмек көрсетілетінін жеткізген.
««Қаза тапқан полицейлер екі айдан астам төтенше жағдайға байланысты ерекше режимде блок-бекетте жұмыс істеді. Аға лейтенант Жарас Жанғазиев Алматы қаласы патрульдік полиция полкінің инспекторы 19 жыл бойы қызметтік міндеттерін адал атқарып, мінсіз қызметі үшін бірнеше рет ведомстволық наградалармен марапатталған. Талайға үлгі болған марқұмның артында екі қызы мен жұбайы қалды, ол үшінші сәбиінің дүниеге келуін күтіп жүрген еді.
Полиция сержанты Дастан Әбдіқанов төрт жыл ішінде өзін жауапты, принципшіл және атқарушы қызметкер ретінде көрсете білді. Өткен жылы отбасын құрып, осыдан бір ай бұрын қызы дүниеге келген болатын.
Өкінішке орай, абыройлы қызметкер, қамқор әке, сүйікті жар болған атпалдай азаматтардың өмірі ажал тырнағына ілінді. Екі қызметкер де ең үздіктер қатарында болатын және Отанымыз үшін әлі де адал қызмет ететін еді. ІІМ-нің барлық жеке құрамы туған-туыстарының қайғысына ортақтасады. Біз үшін бұл орны толмас қаза.
Біз қызметкерлеріміздің өз өмірі мен денсаулығын бәйгеге тігіп, адал қызмет атқаратынын білеміз. Олар қарапайым азаматтардың қауіпсіздігі үшін күндіз-түні осындай қауіп-қатермен бетпе-бет келеді. Олардың ерлігі мен өз ісіне адалдығын ешқашан ұмытпаймыз. Туған-туыстары мен отбасына қайғырып, көңіл айтамын!» деген министр.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024