19-06-20 |
1760 рет қаралған
«Елбасы тезірек айықсын, жақында мерейтойын тойлаймыз ғой».
«Елбасы тезірек айықсын, жақында мерейтойын тойлаймыз ғой»

фото: astanatimes.com

Қазақстаннығ Грузиядағы бұрынғы елшісі, саясаткер Ермұхамет Ертісбаев  бірінші президент, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус індетіне шалдығуына байланысты өзінің тілегін әлеуметтік желіге жариялады.

фотоколлаж: zona.kz
фото: zona.kz

 

Ермұханбет Ертісбаев:

– Елбасына денсаулық тілей отырып Тоқаев «оның барлық өмірі қиындықты еңсеру» деген еді. Бұдан артық ештеңе айта аламайсың: Назарбаев өзінің өмір жолында түрлі қиын мәселелермен бетпе-бет келуіне тура келді. Оның орнында басқа біреу болса сынып кетер еді, ал ол болса тек қана алға жүрді. Енді міне коронавирус, бірақ Елбасы  мұны да жеңетініне сенемін. Шынын айтсам, бұдан да сорақы жағдайлар болған.

Басқа елдер көшбасшыларынан телеграмма келіп жатқанда – мысалы, Эрдған, Путин, Мирзеёев. Қазақстанның барлық аймағынан оған денсаулық тілеп жатыр. Бұл әдеттегі қайталана беретін сөздер емес деп ойлаймын. Көбі расымен де бірінші президентке денсаулық тілейді. Біреулерге ол үлгі болатын және кеңесімен қолұшын созатын нағыз саясаткердің үлгісі. Басқаларға  елінің тәуелсіздігін қорғап тұра алған, үш он жылдық бойы мемлекеттің дамуына үлес қосқан адам.

Қазір жаппай дағдарыс жүріп жатқан кезде көптеген қазақстандықтар Назарбаевтың дәуірінде тыныш та аман-есен  өмір сүргендерін нақты түсініп отыр.  Ол мұндай жағдайды өзінің саралы шешімдері арқылы қамтамасыз етіп отырды. Бастысы ол ең лайықты деп тапқан мұрагері Тоқаевқа билікті бере алды. Бірақ Тоқаев та бар қиындықты еңсеріп келеді, себебі ол да тиімділігін талай дәлелдеген Елбасының бағытын ұстанатын адам ғой.

Қазір әлемдік саясат пен экономикада тектоникалық жылжу бар. Беларусияда президент сайлауына байланысты саяси дағдарыс, Ресейде – конституцияға түзету енгізуге байланысты дауыс беру, бүткіл әлемде жаһандық дағдарыс жүріп жатыр. Ал бұл экономикаларға 10 триллион долларға шығын әкеліп жатыр. Кейде маған Назарбаев президенттік лауазымынан кететінін мәлімдеп, жаңа буын саясаткерлерге жол беретінін айтқанда мұны да алдын ала болжаған сияқты сезіледі.

Мен Нұрсұлтан Назарбаевтан артық рухы мықты адам көрмедім. Аурудан айыққасын не істейтіні туралы жоспар құрып жатқанына сенімдімін, себебі қанша нәрсені кейінге қалтыруға тура келді. Елбасын денсаулық тілеймін. Тезірек айықсын, жақында мерейтойын тойлаймыз ғой.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.