Ақмола облысына келген соң Мемлекет басшысы дәнді және майлы дақылдар алқабын аралап, егін ору науқанына дайындық барысымен танысты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі
– Астықтың уақтылы жиналуын қамтамасыз ету қажет. Бізге ауа-райы қолайлы болып тұр. Егін ору уақытының созылуы едәуір шығын келтіретіндіктен, бұл жұмыстарды жеделдету керек, – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаевқа Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері мен ауыл шаруашылығы саласының перспективалары жөнінде мәлімделді.
Қазақстан Президенті агроөнеркәсіп кешеніне озық ғылыми жетістіктерді және цифрландыру үдерісін енгізудің маңыздылығын атап өтті.
– Шортанды ауданында тәжірибе ретінде алқаптардың электронды картасын енгізу, егістік жағдайына спутниктік мониторинг жасау, тұқымды ретімен егіп, тыңайтқыштарды дифференциалды түрде себу жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұл еңбек өнімділігін 2 есе арттыруға, сондай-ақ шығынды 20 пайызға төмендете отырып, астық өнімділігін 5 центнерден асыруға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Елбасы Қазақстанда және шетелде құрастырылатын техникалардың үлгілері қойылған ауыл шаруашылығы машиналарының көрмесін аралап көрді.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024