13-08-20 |
1930 рет қаралған
Коронавирус биліктің халыққа жат пиғылын айқындады.
Коронавирус биліктің халыққа жат пиғылын айқындады

Бірнеше мәрте депутат болған, түрлі саяси партиялардың қатарында жүрген Серік Әбдірахманов президент Тоқаевқа петиция жазды. Петицияға Әбдірахмановтың өзі және Е.Тұрғымбай қол қойылғаны көрсетілген.

Петицияның толық нұсқасын жариялап отырмыз.

***

Қазақстан Республикасының Президентіне
«1993 жылғы Конституцияның заңды күшін қалпына келтіру туралы».

Президент мырза!

Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, бұрынғыша өмір сүргіміз келмейтінін Сізге мәлімдейміз.

Коронавирус қоғамның барлық жарасын ашты, Қазақстан билігінің арам болмысын, халыққа жат пиғылын айқындады. Дәрі-дәрмектер болмай, адамдар ауруханаларға жете алмай өліп жатқан кезде шенеуніктер індетпен күресуге арналған 14 миллиард долларды, гуманитарлық көмекті қоса ұрлады. СҚ «Фармация», міндетті медициналық сақтандыру қорында анықталған фактілер, әкімдердің карантин кезіндегі асфальт-бордюр қалаймақандары мен аза тұту күндеріндегі аспанға от шашулары биліктің баяғыдан ең ауыр, ем жүрмейтін жемқорлық атты кеселге ұшырағанын көрсетті.

Мұның бәрі 90-шы жылдары мемлекеттік меншікті жекешелендіруден басталды, сол кезде көптеген ұрпақтардың еңбегімен құрылған байлығы мен жер қойнауының байлықтарын биліктің тар шеңберіндегі адамдар, Назарбаевтың айналасы ұятсыз түрде иемденіп алды.
Халық сорлап, күнін әрең көріп отырған кезде олар қалталарына бірінші миллиондарын салды. Экономикамызда оң өзгерістер болмағанның өзінде миллионерлер миллиардерге айналды. Олардың оңай олжаға үдеген көксеулері жолдарына көлденең шыққан Жоғарғы Кеңестің екі шақырылымын заңсыз тарқатты.
1995 жылы зымияндар жаңа Конституцияны қабылдатып, Сенат депутатына сайлаушылардың ерік-жігерін тікелей білдірудің қажеті жоқ болып, ал Мәжіліске сайлау тек «НұрОтан» мен олардың жандайшаптарының тізімі бойынша өткізілетіні енді. Оппозициялық партияларға сайлауға қатысуға рұқсат берілмеді. Сот жүйесін «телефон заңына» бағындырды. Тағайындалған Парламент биліктегі былықтардың жамауына айналды. Осылайша, билік тармақтары жоқ болды.
Халық тәуелсіздігінен айрылды.

Биліктің қанаушылық саясатының нәтижесінде, бұрын халықтың өмір сүру деңгейі бойынша дамыған 30 мемлекеттің бірі болған республика бүгінде бұл тізімнің алғашқы жүздігіне де кіре алмайды. Бұрыннан қалған өндіріс орындары тас-талқан болды. 30 жылда бір де бір қомақты өндіріс қатарға қосылмады, ал дамуға бөлінген миллиардтаған долларлар жымқырылды. Ауылшаруашылық бұрынғы деңгейінен айрылды, мал саны азайып, егінжай көлемі кеміді.
Бүгін негізгі тамақ өнімдерінің 70% сырттан келеді. 90% тұтыну тауарлары, 100% тұрмыстық техника, 95% дәрі-дәрмек импортты құрайды, ал экспортымыз 90% шикізат, жартылай дайын бұйымдардан тұрады. Тауар айналымының құрылымы отар мемлекетінің кейпіне келді.
Тегін білім алу, емделу, тұрғын үй және басқа да айрылған игіліктерді еске алмағаның өзінде, бүгін құнарлы тамақтануға талайдың шамасы жетпей отыр, тамақ тапшылығын көрушілер, аштыққа шалдыққандар, арасында көпбалалы жанұялар да бар. Панасыздар, қайыршылар, нашақорлар, жұмыссыздар үйреншікті көріністерге айналып жатыр. Халқымыз азып барады…
Ал, биліктегі барлық байлықтарымызды иемденіп алған алаяқтар Батыста патшалар сарайлары мен қымбат саяжайларды сатып алып, жанұяларын сонда орнықтырған. Бұл байлар келешектерін Қазақстанда көріп тұрған жоқ. Оны бұлар тонаушылық ететін аумақ деп біледі. Нағыз қанаушылық жүруде.

Президент мырза!

Осындай қиын-қыстау жағдайда мемлекеттігіміз бен болашағымызға қауіп төндіретін жеті басты айдаһар жемқорлықты тек халық қана тоқтата алады.
Ел тағдыры үшін тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, Сізді, Президент мырза, республикалық референдумді келесі күн тәртібінде өткізу туралы жарлыққа дереу қол қоюға шақырамыз:
«ҚР 1993 жылғы Конституциясының заңды күшін Қазақстан аумағында қалпына келтіру және қазіргі заманының тарихи нақтылықтарына және қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін 1995 жылғы қолданыстағы Конституцияның күшін жою туралы».

1993 жылғы Конституцияның маңызды артықшылығы – бір палаталы Парламентке депутаттардың аумақтық сайлау округтері арқылы көпшілік негізінде сайлануы, бұл депутаттардың нақты сайлаушылармен байланысын, тәуелділігі мен жауапкершілігін арттырады.
Жаңа заң бойынша сайланған елдің Парламенті ғана реформалардың локомотиві болады!
Сын сағатында халықтың жағына шығыңыз, Президент мырза.
Халқымен дау-дамайға барғанның бірі жеңіске жеткен емес.
Солай болды, солай болады да!
Халық жеңеді!

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.