Белорусь президенті Александр Лукашенко мен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ресей президенті баспасөз қызметі хабарлады.
Екеуара әңгімеде Белорусьтегі президент сайлауынан кейін қалыптасқан жағдай сөз болған. Соның ішінде сырттан жасалып жатқан қысым туралы айтылған. Ресей тарапы Белоруське одақтас республик құру туралы келісім және ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы негізінде көмек беруге дайын екенін айтқан.
Бұған дейін еуро одақтың бірқатар елдері Белорусьтегі жағдайға алаңдап, билікке азаматтарды қудалауды, ұрып-cоғуды тоқтатуды талап еткен. Тіпті ЕО Белоруське қарсы санкция салу мәселесі де көтерілген. Сондай-ақ Литва президенті Белорусь Ресейдің ықпалында кете ме деген қаупін де айтқан еді.
Дәл қазір Белорусьте Лукашенко жақтастары митинг өткізіп жатыр. Ал «Бостандық» халық маршы да Тәуелсіздік алаңында өтпекші.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024