15-09-20 |
1560 рет қаралған
«Бүгінгі билік тұсында саяси реформадан түңіле беруге болатын шығар».
«Бүгінгі билік тұсында саяси реформадан түңіле беруге болатын шығар»
Әміржан Қосанов, саясаткер:
– Президент жанындағы реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңестің кеше жарияланған құрамына қарап, бүгіннен бастап «елде болуы мүмкін саяси реформадан түңіле беруге болады» деп санаймын: кеңес құрамында қоғамдық-саяси өмірге қозғау салып, оны түбегейлі өзретуге қатысты тұшымды ұсыныс айта алатын кім бар? Шетінен бұған дейін «демократия, әділеттік, плюрализм» деген сөздерді аузына алып көрмеген адамдар!
Біз секілді қатты сөз айтып, билікке жақпай жүрген оппозицияны шақырмай-ақ қойсын, бірақ ел ішінде билікке қатысты «өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай», пікірін ашық айтып жүрген білімді, білікті, өз ұстанымы бар, қоғамдық өмірде тәжірибесі мол азаматтар бар емес пе? Неге соларды реформа ісіне тартпасқа? Кеңестің мақсаты да сол – соның ішінде, саяси реформа – емес пе? Мына сықиып қалған шенділер саяси реформаға қатысты халық көңілінен шығатындай не айта алады?
Басқасын айтпағанда, бәрі де осы күнге дейін лауазымды қызметтерде болып, экономика, әлеуметтік сала мен қоғамдық-саяси өмірді тұралатып тастаған дәл осылар емес пе? Енді олар өздері құрған жүйені қалай өзгертпек? Дәл солар реформатор болады дегенге сене алмаймын, оған ол адамдардың өмірбаяны мен осы күнге дейінгі қатып-семіп қалған ұстанымдары себеп!
Кеңес басшысы – президенттің орынбасары болған, Еуропа қайта құру және даму банкінің экс-президенті Сума Чакрабартиге де қатысты бір ой.
Иә, шетел тәжірибесін ескерген жөн-ақ. Кеңесші болса, болсын.
Бірақ шетел азаматын елдегі аса маңызды құрылымның басшысы ету, оны формальды түрде соншалықты институттендіру, оған өз азаматтарымызды (жай азаматтар емес, билік органдарының басшыларын) басқартып қою дұрыс емес деп ойлаймын.
Өзін реформатор деп жариялаған президент бір нәрсені түсінуі керек: оған деген сенім ол құрып жатқан құрылымдарға деген сенімнен басталады! Құрамында қоғам өкілдері жоқ құрылым қоғамның сөзін сөйлеп, шынайы реформа жасай алады дегенге бүгінде ешкім де сенбейді!
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.