22-09-20 |
2270 рет қаралған
Оқушыны сыныптастары «тәртіпке салмақ» болды (видео).
Оқушыны сыныптастары «тәртіпке салмақ» болды (видео)

Интернет желісінде оқушы қызды сыныптастары аямай сабаған видео тарады. Оқиға Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбаршы ауылында болған. Желіге тарап кеткен видеода оқушылардың бір қызды соғып жатқаны анық көрініп тұр. Олар тіпті зардап шегушінің шашынан сүйреп, кеудесін тізелерімен басқан. Қазір бұл фактіні Теміртау аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.
«Алдын ала анықтау бойынша 9 сыныпта оқитын 3 оқушы өз сыныптастарын адамгершілікке жат мінез-құлық танытқаны үшін соғып, мобильді телефонның камерасына түсіріп алған. Қазір жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторлар ауданның білім беру мекемелерінде алдын алу шараларын өткізіп жатыр», – деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.