Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова халықтың баспана мәселесі туралы айтты.
«Бүгінгі таңда шешімін таппай тұрған мәселе – тұрғын үй мәселесі. Қазақстанда көп адам баспанасыз, панасыз жүргенін көріп отырмыз. Пандемия кезінде бұл жағдай өрши түсті, жағдай мүшкіл болды. Адамның баспанасыз болуының себебі, қаржысы мен шамасының жетпеуі. Бірақ баспанасы бар адамдарды баспанасыз ету жағдайлары бар. Баспанасыздық елімізде артып барады. Оның ішінде адамдардың жерін құрылыс үшін тартып алған кезде олар баспанасынан айырылып жатады.
Үлескерлердің де жағдайын көріп отырмыз, қаншама адам жалғыз баспанасын сатып, үлескерлік құрылысқа беріп, баспанасыз қалып отыр. Не болмаса сол құрылысшыларынан үй алып, сол үйден шығарып жіберген жағдайлар да кездесіп отыр. Бұл – ақылға сыймайтын нәрсе. Баспанасы бар адамды баспанасызға айналдыру – қылмыс. Бұл – өте ауыр қылмыс. Себебі адамдар баспанасыз тұрмысын қалай жалғастырады? Пандемия кезінде адамдар тамақ пен дәрі-дәрмек таба алмағанын көрдік. Елордаға жұмысқа келген азаматтар арендалық пәтерінен айырылып, далада қалғанын да көріп отырмыз. Осы мәселені басшылыққа ала отырып, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға өзгеріс енгізу керек екенін талап еттік» деді Батталова Қазақстан коммунистік халық партиясында өткен баспасөз конференциясы барысында.
25 қыркүйекте Қазақстан коммунистік халық партиясы мен Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң жобасына жер телімі мен баспананы күштеп тартып алу мәселесіне қатысты өзгертулер енгізу бойынша бірлескен отырыс өткізді.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024