08-10-20 |
2900 рет қаралған
Қабатовтың көлігімен адам қағып кеткен кім?.
Қабатовтың көлігімен адам қағып кеткен кім?

Көлігін көмекшісіне берген Тұрсынбек Қабатовтың басы дауға қалды. Әртістің әріптесі Лексус көлігімен Теміртау тасжолындағы Нұра деген ауылда 34 жастағы азаматты қағып кеткен. Қатты дене жарақаттарын алған Ерлан Омарқұлов есімді жігіт оқиға орнында қаза тапты. Бүгін Тұрсынбек Қабатов осыған байланысты өз пікірін айтты.
«Бұл осыдан бір жыл бұрын, 2019 жылдың қазан айында болған оқиға. Менің көмекшім, жүргізушім емес. Мен рөлде өзім отырамын. Көмекшім кешке келіп, менен көмек сұрады. «Жұмыстарыммен бір жерге барып келейін деп едім» деп. Оның арты осылай аяқталатынын, шыны керек, білген жоқпын», – дейді әртіс.
Өкініштісі, әртістің көлігімен адам қағып кеткен көмекші бұрын жүргізу куәлігінен айырылған екен. Ал, Тұрсынбек Қабатов кілтті берер кезде мұны білмеген көрінеді.
«Төбеме жай түскендей болды. Оңай болған жоқ. Сұрастыра келе марқұм өзі кінәлі екен, кішкене ішкені бар екен. Жолға жүгіріп шыққан деп жатыр. Мен марқұмның артынан жаман нәрсе айтқым келіп тұрған жоқ. Ал, көмекшіме «қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтер, мен араласпаймын» деп айттым», – деді Қабатов.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілілер мен бірқатар сайттарда танымал әртістің атына тіркелген көліктің жол-көлік оқиғасына түскені туралы ақпарат тараған болатын. Қарағанды облысының полициясы да бұл фактіні растады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.