Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін енгізу туралы жаңа Жарлыққа қол қойды. Президенттің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Бішкек қаласының аумағында 2020 жылдың 12 қазаны сағат 20.00-ден 2020 жылдың 19 қазаны сағат 07.00-ге дейінгі аралықта төтенше жағдай енгізіледі. Қырғызстан ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Орозалиев Бішкек қаласының коменданты болып тағайындалып, елде коменданттық сағат енгізілді. Жарлыққа сәйкес, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар, митингілер мен шерулер өткізуге болмайды.
Естеріңізге сала кетейік, Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін 9-шы қазанда енгізген болатын. Алайда, бұл шешім Жоғарғы Кеңестің талқылауынан өтпегендіктен президент Жарлықты жаңартуға мәжбүр болды.
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024