21-10-20 |
2020 рет қаралған
Өзбекстанда зауыт жұмысшылары бүлік шығарды (видео).
Өзбекстанда зауыт жұмысшылары бүлік шығарды (видео)

Бүгін Өзбекстанның Қашқадария облысындағы Гузар ауданында Uzbekistan GTL зауытын салып жатқан 5 мыңдай жұмысшы бүлік шығарды. Әлеуметтік желілерге тараған видеода жұмысшылардың зауыт ғимаратына күшпен басып кіргені байқалады. Соңғы ақпарат бойынша олар кеңседегі жиһаздар мен оргтехниканы да қиратқан. Бүлікті басу үшін Гузар ауданына арнайы жасақ мен полиция күші тартылды. Әзірге зардап шеккендерге қатысты ақпарат жоқ. Наразы топ Enter Engineering компаниясының жұмысшыларға кешкі ас бермегенін айтты. Бұл онсыз да жалақысын алмай жүрген жұмысшыларды ашуландырған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.