14-11-20 |
2000 рет қаралған
Назарбаев: Қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп нық сеніммен айта аламыз.
Назарбаев: Қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп нық сеніммен айта аламыз

«Қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп нық сеніммен айта аламыз. Халқымыздың басым бөлігі – қазақ». Бұл – қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының жиынында айтқан сөзі. Ұзақ жылдардан бері қоғамда айтылып, көтеріліп келе жатқан «қазақ халқы – мемлекет құрушы ұлт» деген мәселе бұрынғы президенттің аузынан шықты. Оның үстіне мұндай сөздің басқа жерде емес, ассамблеяның жиынында айтылуы сөздің саяси салмағын арттыра түседі. Және де осы сөз арқылы елдегі өзге этностарға мемлекет құрушы ұлттың төңірегінде ғана топтасу керектігі туралы қуатты сигнал беріліп отыр.

Әлбетте, Назарбаев ассамблея жиынында ұйымның қоғамдағы қызметі мен ұлтаралық ынтымақтастық мәселесін де айтқан. Алайда, жиындағы ең маңызды месседж біздің ше, қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт екенін ассамблея төрағасының ашық әрі сенімді түрде айтуы дер едік.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.