Қаңтардың 12-нен 13-не қараған түні Ақтөбе қаласы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасын полиция қызметкерлері күзетті. Себебі ауыл халқы ферма алдына қайта жиналған. Тұрғындар шошқа асыраушы кәсіпкер көзбояушылық жасап отыруы мүмкін екенін айтады: фермада жұмыс тоқтаған жоқ, бағыты өзгермеді.
Бестамақтықтар облыс әкімінен фермаға келіп, жағдайды тез арада шешуін сұрайды.
«13 қаңтарда күндізгі сағат 12:00- де тұрғындар тағы жиналады. Осы кезде облыс әкімі Оразалиннің де келуін сұраймыз. Жер астынан шығарылған өлекселер мен ішек-қарын қазылған жерді бүгін үш трактор тегістеп жатыр. Осы уақытқа дейін ферма басшысы халық алдына шығып, түсіндіру жүргізген емес. Біз қол қусырып отыра алмаймыз. Айғақтарды жойып жатыр. Бүгін фермаға барған ер адамдар облыс әкімі айтқан талаптарды қойды: ферманы жабу немесе бағытын өзгерту. Мәселе шешілу керек«,- дейді Бестамақ ауылының тұрғыны Гүлнәр Айтжанова.
Тұрғындар жіберген видеодан бестамақтықтардың түнделетіп шошқа фермасына кіргенін көруге болады. Кәсіпорын өкілімен тілдескен. Олар бүлінген жер аумағын қалпына қалпына келтірумен қатар Қазақстанның туын ферманың әкімшілік ғимаратына ілінуін талап етті.
Тұрғындардың сөзіше фермада Қазақстан туы жемсарайға ілінген. Ферма өкілі бұл жағдайдан бейхабар екенін және тұрғындар талабы орындалатынын айтты.
Мәлімет
Ақтөбе облысы Алға ауданының тұрғындары өткен жылы шошқа фермасындағы кемшілікті жоюды талап етіп, наразылыққа шықты. Кейін аумаққа облыс әкімінің тапсырмасымен тексеру комиссиясы құрылды. Нәтижесінде жер құнарлылығын бүлдірген, экологиялық талапты сақтамаған басшы қылмыстық жауапқа тартылды. Фермаға 7 млрд көлемінде айыппұл салынды.
Arasha.kz оқиғаны бақылауда ұстайды.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024