17-01-21 |
2110 рет қаралған
Университет ғимаратынан мәйіт шықты.
Университет ғимаратынан мәйіт шықты

Көкшетауда Шоқан Уалиханов атындағы оқу орнында қайғылы оқиға болды. Университет қызметкері асылып қалған күйінде табылды деп хабарлайды  Arasha.kz.

Ғимараттан 39 жастағы қызметкер асылып қалған күйінде табылды. Ол қауіпті емес қалдықтарды қайта өңдеу және жою бөлімінің жетекшісі болған. Кеңсесін тексеру кезінде өлім алдында жазған хаты табылды. Онда ол өзінің өлімінің себептері мен кінәлі адамның аты-жөнін атаған.

Қызметкер хатында досы үшін 300 000 доллар қарыз алғанын атаған. Өзіне қылмыстық құрылым өкілдері арқылы психологиялық қысым көрсеткенін жазған. Айтуынша, ол пәтерін өз атынан аударып беруге мәжбүр болғанын түсіндірді.

Жазбаның соңында ол өзінің отбасынан кешірім сұрады және мәмілені жарамсыз деп санауды сұрады. Өйткені шарт жасасқанда әйелі онымен бірге болмаған.

Марқұмның соңында әйелі және үш баласы қалды.

Дереккөз: Ktk

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.