20-01-21 |
1750 рет қаралған
Біртанов қамауда қала беретін болды.
Біртанов қамауда қала беретін болды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қамауда отыру мерзімі 28-ақпанға дейін ұзартылды.

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне қорғаушы Дмитрий Куряченко хабарлады.

Естеріңізге салсақ, экс-министр Елжан Біртановтың қамауға алынғанына қатысты ақпарат 2020 жылдың 31 қазан күні шыға бастады. 3 қараша күні сот санкциясы берілді. Үш күн өткеннен кейін үй қамаққа жіберілгені белгілі болды.

Алдын ала болжамдар бойынша экс-министр цифравизацияға бөлінген 526 млн теңгені жымқырды деп күдікке ілінген.

Президент пандемияға қатысты дау-дамай, өлім-жітім көбейген тұста Біртановты 25 маусымда қызметтен босатты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.