26-01-21 |
2450 рет қаралған
Арман Шораев: Биліктің Навальныйды не үшін өлтірмекші болғанын түсіндім.
Арман Шораев: Биліктің Навальныйды не үшін өлтірмекші болғанын түсіндім

Күні кеше Ресейдің ондаған қаласында жүздеген мың халықтың қатысуымен жалпы халықтық митинг өтті. Халықтың алаңға шығуына түрткі болған негізгі себеп – Алексей Навалныйды бостандыққа шығару болды. Аrasha.kz сайты Ресейдегі митингке байланысты «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы әрі авторы Арман Шораевтың пікірін білген еді. Арман Төлегенұлының айтуынша, Ресей халқы жемқор жүйеден әбден шаршағаннан кейін алаңға шыққан.

– Ресейде Навальныйды қолдап, алаңға жүз мыңдаған халық шықты. Митингке шыққан халықтың екпіні басыла ма, жоқ әлде одан сайын арта түсе ме?

– Соңғы 20 жылда бері Ресейді жемқорлар басқарып, халықты әбден кедейлендіріп жіберді. Менің ойымша, халықтың алаңғы шығуы артпаса, кемімейді. Өйткені Навальныйдың ютубтағы Путиннің сарайына қатысты деректі фильмін 80 миллионнан астам адам көрді. Бұл 80 миллион адамның 50 миллионы ресейліктер. Ресейде 140 миллион халық тұратынын ескерсек, шал  мен кемпір және де балалардан басқа халықтың 80 пайызы осы фильмді қараған деген сөз. Осыдан кейін тіпті бұрын Путинге дауыс беріп, қолдап жүрген азаматтардың ойлары өзгерді. Сол себепті Ресейдегі көтерілістің екпіні одан сайын арта түседі.

Путин биліктен өз еркімен кете ме, жоқ әлде революция арқылы кете ме?

– Путин ешуақытта биліктен өз еркімен кетпейді. Егер ол биліктен кететін болса, онда ол сотталуы мүмкін. Сондықтан ол өзінің билігін соңына дейін қорғайды. Нақтырақ айтсам, ол қан төгуден де тайынбайды. Бір сөзбен айтқанда Путин биліктен революция арқылы ғана кетуі мүмкін. Ресей халқы әр жүз жыл сайын роволюция жасап отыратын халықтың бірі деп ойлаймын. Қазіргі таңда халықтың жағдайы нашарлап, шыдамы таусылды. Оның үстіне мұнай мен газ, жер асты қазба байлықтарының бағасы арзандап, әлеуметтік жағдай күн өткен сайын нашарлап бара жатыр. Менің ойымша, Ресейде алдағы 3-4 жылда күрделі жағдай туындайды деп ойлаймын. 

– Мәселен қыстың қақаған суығында жүз мыңдаған халық алаңға шықты. Ертең көктем, жаз айларында Украинадағы Майдандағыдай алаңға жатып алуы мүмкін ғой…

– Әрине. Бірақ қазірдің өзінде халық ауа райына қарап жатқан жоқ. Алайда жаз айларында митингке қатысушылардың саны қазіргіден әлдеқайда көп болады.

– Қазір халықтың талабы Навальныйды босату болып отыр. Бұл талап орындала ма, жоқ па?

– Жоқ, қазір Навальныйды босатпайды. Деректі фильмді көргеннен кейін биліктің Навальныйды не үшін өлтірмекші болғанын түсіндім. Өткені фильмді шығармау үшін оны өлтіруге дайындалған екен. Сондықтан да оған жалған айыптар тағып, оңайлықпен шығармайды. Қандай да бір айып тағып, 5-6 жылға бас бостандығынан айырады.

– Қазір халықтың талабы Навальныйды босату болса, кейін бұл талап Путинді тақтан тайдыруға дейін жалғасуы мүмкін ғой…

– Әрине, әрине. Біздің елде ғана он, жиырма жыл билікте отыра беретін жүйе қалыптасқан. Негізі ондаған жыл биліктен отыра беру дұрыс емес. Билік жиі-жиі ауысып отыру керек. Сонда ғана жемқорлық және тағы басқа зияды дүниелермен күресе аламыз.

– Елімізде «Егер Путин орнынан кетіп, оның орнына демократ басшы келсе біздің елде де оң өзгеріс болады» деген пікір бар. Бұл пікірдің қаншалықты жаны бар?

– Әрине Ресейде билік өзгерсе бізде де оң өзгеріс болады. Негізі біздің елде парламенттік емес, мықты президенттік басқару болуы керек. Бірақ ол президенттер екі мерізіммен 4-5 жылда ауысып отыруы керек. Осындай талап орындалған жағдайда ғана оң өзгерістерге жете аламыз. Әйтпесе баяғы жартас сол жартас болып қалады.

– Кремль мен халықтың арасында егес 3-4 жылға созылуы мүмкін бе, жоқ әлде осы жазда бәрі шешіліп кетуі мүмкін бе?

– Путин оңайлықпен өз билігін бере салмайды. Әскер мен полиция сынды құқық қорғау органдары арқылы екі жақтың арасындағы егес 3-4 жылға дейін созылады деп ойлаймын. Жалпы Ресей мен Қазақстанда оңайлықпен демократия орнамайды.

– АҚШ-қа Байденнің президент болып келуі Ресейге қалай әсер етеді деп ойлайсыз?

– Ресей Трамптың кезінен де қатты таяқ жейді. Негізі республикалық және демократиялық партияның Ресейге көзқарасы жақсы болып, көмек жасаған емес. Ал демократтар керісінше өздерінің прициптеріне сәйкес, Путиннің көзін құртуға тырсады. Бірақ менің бір байқағаным Америкаға Путиннің тағы 10-15 жыл билікте отырғаны тиімді. Өйткені Ресейдің ең бірінші жауы Америка немесе НАТО емес, Путин мырза. Путин өз достарымен бірге Ресейдің ту-талақайын шығарып жатыр. Путиннің алаяқтық саясаты жалғаса берсе, Ресей Федерациясы саяси картадан жойылып кетеді.

– Яғни, осы арқылы татар, башқұрт секілді түркі халықтарының тәуелсіздік алуға мүмкіндігі бар дейсіз ғой…

– Әрине, түркі халықтарының тәуелсіздік алуға ықтималдығы және құқығы да бар. Мәселен Кремль «Қырымдықтар өздерінің болашағын референдум арқылы шешті» деп айтып отыр ғой. Егер дәл сондай құқықты татар, башқұрт, дағыстан ингуш, шешен және қарашайларға берсе, олар бір күнде референдум арқылы тәуелсіздік алып кетер еді.

Жалпы қазақтар бақытты халықпыз ғой. Қазақ деген атымыз бен Қазақстан деген мемлекетіміз бар. Башқұрт, татар, бурят, тувалықтардың неге осындай мүмкіндігі болмауы керек? Олардың да жеке мемлекет болуға құқығы бар.

– Қазір өзгеріс болса түркі халықтары тәуелсіздік ала алмауы мүмкін. Алдағы 3-4 жылда Ресей әбден әлсіреген кезде түркі халықтарының тәуелсіздік алуы ықтимал дейсіз ғой…

– Менің ойымша, болашақта Ресей бытырап, Ресей Мәскеумен шектелетін болады. Осы кезде қазба байлықтары мол якут халықтары өз алдына бөлек мемлекет бола алады. Дәл солай қалмақ сынды халықтар бой көтереді.

–       Сұхбатыңызға рахмет.

Серік Жолдасбай

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.