01-02-21 |
860 рет қаралған
Шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген 447 отандасымыз карантинде жатыр.
Шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген 447 отандасымыз карантинде жатыр

30 қаңтар күні анықтамасы жоқ 447 Қазақстан азаматы ел аумағына ұшып келді. Олар Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 15 халықаралық әуе рейсімен келді.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, шетелден келген 2 059 жолаушының 447 –сінде ПТР-тестілеу анықтамасы жоқ.

Анықтамасы жоқ Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-тест тапсырды, олар карантиндік стационарларда өз нәтижесін күтуде.

Рейстер төрт  қалада болды. Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 325 жолаушы, анықтамамен – 1 049, анықтамасыз – 276. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 452 жолаушы, анықтамамен – 396; анықтамасыз – 56. Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 171 жолаушы, анықтамамен – 110; анықтамасыз – 61. Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 111 жолаушы, анықтамамен – 57; анықтамасыз – 54.

Айта кетсек, 29 қаңтарда анықтамасыз келген 236 азаматтың ПТР-талдау нәтижес бойынша 3 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Стамбул – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Дубай – Алматы рейсімен ұшып келген болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.