Еліміздегі сот жүйесінде әкімшілік әділет механизмі енгізіледі. Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың айтуынша, бұл мемлекеттік аппараттағы тәртіпті күшейтіп, экономиканың өсуіне ықпал етеді, деп хабарлайды Arasha.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Ақорда мәліметінше, кездесуде сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізуге дайындық жұмыстары баяндалды.
Жоғарғы сот төрағасы 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс қолданысқа енгеннен кейін, соттар мемлекеттік құрылымдарға қойылатын талаптарды әлемдік әкімшілік әділет жүйесіне сәйкес «мемлекеттік органның кінәлілік презумпциясы» принципімен қарастыра бастайтынын жеткізді.
Асановтың айтуынша, шетелдік тәжірибе көрсеткендей, әкімшілік әділет жүйесін енгізу мемлекеттік аппараттағы тәртіпті күшейтуге, инвестициялық ахуалды жақсартуға және экономиканың өсуіне ықпал етеді.
Тоқаев Кодекс күшіне енген күннен бастап соттар жаңартылған алгоритм негізінде, қазақстандық сот төрелігі үшін тың тәсіл бойынша жұмыс істеуге дайын болады деп сенетінін айтты.
Президент азаматтардың және кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
14.11.2024