12-02-21 |
1550 рет қаралған
Лавров Еуроодақпен байланыс үзу Ресейге қорқыныш емес екенін айтты.
Лавров Еуроодақпен байланыс үзу Ресейге қорқыныш емес екенін айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің Еуроодақпен қарым-қатынасын үзгісі келмейтінін, алайда қажет болған жағдайда бұған дайын екенін айтты.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Соловьев Live» каналында журналист Владимир Соловьевке сұхбат берді. Министр Еуроодақ туралы ойын ашып айтты.

Ол Ресей билігі әлемдік аренада өзін оқшаулағысы келмейтінін, алайда қажет болған жағдайда бұған дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, «Бейбітшілікті қаласаң, соғысқа дайын бол» дегенді еске салды.

«Егер біз кейбір салаларда біздің экономикаға, соның ішінде ең сезімтал салаларға қауіп төндіретін санкциялар салынатынын тағы да байқасақ, онда – иә», – деп қосты Лавров.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.