14-02-21 |
1930 рет қаралған
Қазақстанда өндірілген «Спутник V» вакцинасы он күннен кейін егіледі.
Қазақстанда өндірілген «Спутник V» вакцинасы он күннен кейін егіледі

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қарағанды фармацевтикалық кешені базасында өндірілген «Гам-КОВИД-Вак» («Спутник V») вакцинасын егу ақпан айының соңында басталатынын хабарлады.

Қарағанды фармацевтикалық кешені өндірген «Спутник V» вакцинасының 90 мыңға жуық дозасын жеткізу жоспарлануда. Бұдан кейін наурыз айында 150 мың доза, сәуірде 600 мың доза жеткізіледі деп күтілуде.

«1 ақпаннан бастап республикада Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасын қолдана отырып, КВИ-ге қарсы вакцинация басталды. Бұдан әрі ақпан айының соңында вакцинация процесіне Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген вакцинаны қосу жоспарлануда. Бірінші партияны шығарудың нақты күні белгісіз. Барлық өңірлер вакцинацияға жататын (халықтың осал топтары) санына байланысты бір мезгілде вакцина алады», – деп жауап берді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Ресей мен Қазақстанда өндірілген «Спутник V» вакциналары қауіпсіз және тиімді, деп атап өтті ол.

Алдымен жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, реанимацияның, БМСК (алғашқы медициналық-санитарлық көмек), қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері егілетін болады. Бұдан әрі-бірінші кезеңге кірмеген жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтері және медицина қызметкерлері.

«Тиісті топтардың бөлінуі шартты сипатқа ие және кезеңділік вакциналарды жеткізу көлеміне байланысты реттелетін болады. Бұдан басқа, алдағы уақытта халықтың қосымша осал топтарын қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарлануда», – деді Байтанаев.

Қазіргі уақытта Қазақстанда қолданыстағы нұсқаулық бойынша вакцинация тек 18 жастан 65 жасқа дейінгі адамдар егіледі.

«Алайда, вакциналардың жаңа партиялары түскен кезде біз ережелерді қайта қарап, жасы үлкен санаттарды вакцинациялауды жоспарлап отырмыз. Барлығы бізге келіп түсетін вакцина көлемінің санына байланысты», – деп қорытындылады Байтанаев.

Бұған дейін Covid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қарағанды фармацевтикалық кешені базасында вакцина өндірудің басты мақсаты коммерциялық пайда емес, пандемия кезінде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қосқан үлес екенін хабарлаған болатын. Вакцинаны ерекше жағдайларда, яғни пайданы есепке алмай шығару туралы шешім қабылданды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.